АЭС салудың өзекті мәселесі
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше негізгі себептерге байланысты өзекті болып отыр. Біріншіден, халықаралық келісімдер аясында еліміздің алдында 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті тұр.
Алдағы бірнеше онжылдықта Қазақстанның энергетикалық дағдарысқа ұшырау қаупі бар. Бұған беделді мамандардың пікірлері дәлел.
Электр энергиясын тұтынудың өсуін және жұмыс істеп тұрған станциялардың жоғары тозығын ескере отырып, қазір елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін электр энергиясының жаңа көзін енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Индира Қожамбаева