Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласын жүйелі түрде реформалауды жүргізуде.
Маңызды кезеңдердің бірі 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026-2030 жылдарға арналған барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасының бекітілуі болды. Бұл құжат сала дамуының тұтас әрі кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат болып табылады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk