Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран

0 14

«Tt»- ақпарат».

Ұлы Жеңіс күнін ұлықтауға мәңгілік алау басына жиналған қаратаулықтардың қарасы қалың болды. Барлық еңбек ұжымдары бір кісідей жиналып, аталар ерлігіне тағзым етті
Бүгінде еліміз бойынша 174 Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана қалыпты.Қаратау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің мәліметі бойынша Талас ауданынан Ұлы Отан соғысына 3951 адам аттанған екен, соның ішінде елге оралғаны 1945 адам ғана. Жерлестеріміздің қалған бөлігі майдан даласында қаза тапқан немесе хабар ошарсыз кеткен.
Бұл жерде қиын-қыстау кезеңде уақытпен санаспай, күндіз- түні «бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің ерлікке пара-пар еңбектерін де еске ала кеткен жөн.
Жиналған көпшілік Жеңіс жолында қаза тап­қан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алған соң, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Аталарымыздың ерліке толы өмірі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады.