«Үміттің» үкілеген үміттері

0 16

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер арасында «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары өткізіліп келеді.
Дәстүрлі жарысқа «Үміт» мектеп-интернатының балалары да қатысып бақ сынаған болатын. Облыс орталығындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен бәсекеде спорттың алты түрі (асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, бочча) бойынша 8 команда өзара мықтыны анықтады.
Жалпы «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындарынан «Үміт» мектеп-интернатының жүлдесіз қайтқан кезі кем. Спорттың жекелей түрлері бойынша мекемеде қызмет алатын балалар шеберліктерімен ерекшеленіп, тұғыр биіктерінен көрініп келеді.
Биылғы жарыста «Үміт» мектеп-интер­натының балалары командалық есепте қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Құрманкелді Тапелов,
«Үміт» мектеп-интернатының мұғалімі.