Нарбол ҚАШАҒАН, «TALAS tynysy».
Қайырымдылық-қайырлы іспен өлшенетін адами қасиет. Дәл осы игілікті ауылдан шыққан азаматтар ізгі ниеттерімен дәлелдеп келеді. Қайырымдылық шараларды айтпағанның өзінде елді мекендерде бой көтерген әлеуметтік нысандардың дені осы жомарт жандардың бастамасымен пайдалануға берілді.
Өткен аптада Ойық ауылында өткен ауқымды шараның да ұйытқысы елден түлеген азаматтар. 1960-2000 жылдар аралығындағы түлектер өзара келісіп, әруақтарға құран бағыштап, ас берді. Алыс-жақын ағайындардың басын қосқан шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков және ауылдан түлеген елге белгілі азаматтар қатысты.
Көпшілікке арналған концерт барысында белгілі композиторлар Әбиірбек Тінәлі, Сәрсенбек Бәкір, Санат Қонарбаев әндердін шырқаса, айтыс ақыны Есет Досалы туған жерге арнаған өлеңін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар волейбол, кіші футбол, қой көтеру, арқан тарту, көкпар сынды спорт түрлерінен ойындар өткізіліп, үздік деп танылған командаларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Одан бөлек, мектепті әр жылдары аяқтаған түлектер 1 концерт беретін сахна, 2 киіз үй мен 2 алтыбақанды Ойық ауылына тарту етті.
Ауыл азаматтарының көтерген бастамасына келген қонақтар ризашылығын білдіріп істеріне сәттілік тіледі.
Алдыңғы жазба