Тәуелсіз мемлекет болғанымызға отыз үш жыл болды. Осы отыз үш жылдың ішінде халқымыз қиындықты да, жақсылықты да тәуелсіз шаңырақтың астында ел-жұрт болып көріп келеді. Ең алғаш тәуелсіздікті алғанда азаматтарымыз діни, тарихи құндылықтарын ұмытқан сәби секілді еді. Өйткені орыс патшалығы мен жетпіс жылдан аса атеистік «Құдайсыз» жүйедегі мемлекеттің отарында болған қазақ елі, сан ғасырдан бері қалыптасқан қазақи мұсылмандық дүниетанымынан айырылып қалды.
Шын мәнінде қазақи мұсылмандық діни дүниеатаным зайырлылыққа, толеранттылыққа, гуманизмге негізделген еді. Дегенмен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында санасы бос, қазақи дүниетанымы қалыптаспаған көптеген орта буын ағалар, кіші буын інілер ата дініміз исламды үйренеміз деп шетел асып оқуға кетті. Бес-он жыл шетелдегі күмәнді діни оқу орындарынан оқып келген азаматтар, дінді енді үйреніп жүрген адамдарға деструктивті діни ағымның улы уағыздарын айтып саналарын улады. Деструктивті бүлдіргіш діннің уағызымен уланған адамдар ең бірінші қазақтың өткен тарихын, діни тәжірибесін, болмысын, жалпы ұлттық құндылығын жоққа шығарды.
Екінші Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары», – делінген бапқа қарсы діни насихаттар айту арқылы діни мемлекетті орнатуды көздеді.
Осындай улы уағызбен улаған адамдар Тараз, Ақтөбе, Алматы, Ақтау қалаларында лаңкестік әрекетке барып қаншама жазықсыз адамдардың өмірін қиды. Мұндай лаңкестердің зұлымдығы асыл дініміз исламға тиіп, діннен шошитын елдің саны көбейді. Бұл қазіргі қоғамның қауіпті дертінің бірі. Оның алдын алу жолы Ата заңымызда жазылғандай, демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетіміздің орнығуын ел-жұрт болып қолдау және дәстүрлі дінімізді түсіндіру қажет.
Тариха көз жүгіртетін болсақ дәстүрлі діні түркі дүниетанымына ислам дінімен ұштасқан мифология, аңыз-әңгімелер желісі, жыр дастандар, қандық-туыстық шежірелер, жалпы мәдени құндылықтар жаңа рухани түске еніп таралды. Соның нәтижесінде түркі халықтарында жаңа рух, жаңа сана қалыптасты. Түркілік кеңістіктің тіршілік қағидалары жаңа еңбектер, рисалалар, шежірелер, насабнамалар жазылды.
Сондай түркі дәуірінен бүгінгі күнге дейін ислам дінімен ұштасқан құнды еңбектің бірі Рағбузидің «Қисса сүл-әнбия» кітабы. Бұл еңбек Құрандағы пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер жайлы ғибартты оқиғалар жинағы өскелең ұрпақтың бойында имандылық, адамгершілік, үлкенге құрмет, ата-бабалар жолына ізеттілікпен шақыруға септігін тигізетін дүние болып табылады. Қазірі уақытта дін көп болған соң, діни басшылар да көбейеді және бір діннің ішінде де көптеген ағымдар мен топтар барын естен шығармағанда жөн. Біз елмізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін жоғарыда айтып өткендей аңыз-әңгімелер, қисса-дастандар арқылы халыққа дәстүрлі ислам дінімізді жеткізу керек.
Жамбыл облысы әкімдігінің
Дін проблемаларын зерттеу
орталығының инспекторы Ә.Әбдыбек