Аудан әкімі үздік оқушыларды қабылдады

0 1

«Tt» — ақпарат».

Өткен аптада аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауданымызда мектеп бітірген үздік оқушыларды қабылдады.
Салтанатты қабылдауға аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев, аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова қатысты.
Жалпы биыл аудан мектептерін 471 оқу­шы бітірсе, соның ішінде 20 оқушы «Алтын белгі», 52 оқушы «Үздік аттестатпен» аяқтады.
Қабылдауда түлектерге игі тілегін арнаған Нұрбол Әбдімәжитұлы:
— Міне, бүгін сіздер алтын ұя мектептеріңізбен, аяулы ұстаздарыңызбен қоштасып, болашаққа қадам бастыңыздар. «Білімдінің қолында алтын шырақ», — демекші өздеріңізді білім ордасын үздік бітірулеріңізбен құттықтаймын. Ел болашағы білімді жастардың қолында екенін жақсы білесіздер. Алдағы уақытта өздеріңіз қалаған мамандықтың иесі болып шығуларыңызға шын тілектестігімді білдіремін,-деді.
Шара соңында түлектерге «Алтын белгі» салтанатты жағдайда табыс етілді.