Мемлекет басшысының әскери қызметтің тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге жауынгерлік даярлықтан жоғары нәтиже көрсеткен жастарға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуына мемлекеттік грнаттар бөлінді.
Осы орайда Қаратау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнен 2024 жылдың көктемгі мерзімінде әскерге шақырылған 7 ер азамат грант иегері атанды.
Атап айтсақ, Әлімхан Әлихан, Асанәлі Тауке ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінде, Думан Мұхтар ҚР Мемлекеттік Күзет қызметінде, Ерасылбек Шәріп, Киралл Столяров, Нұрдәулет Қалдыбек, және Өскен Темірбек ҚР Қарулы күштерінде әскери борышын өтеп келді.
Мемлекеттік грантты жеңіп алған азаматтарды аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова және Қаратау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы, подполковник Р.Мұстафаев құттықтап, сертификаттарды табыс етті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.