«Tt» — ақпарат».
1 қыркүйек — білім күні қалада «Alash» жекеменшік мектебінің ашылу салтанаты өтті. 216 орынға арналған мектепте 1-4 сынып оқушылары білім алмақ. «Alash»-аудан көлемінде ашылып отырған заманауи үлгідегі алғашқы жеке мектеп. Жаңадан бой көтерген білім беру мекемесінде арнайы пән кабинеттері жасақталған. Оқу сыныптары интерактивті тақталар және панелдермен жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелері орнатылған. Балалардың лайықты білім алуы үшін білікті педагогтар тартылған. Жалпы бастауыш мектепте ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады, сонымен қатар логика, жылдам оқу, футбол, шахмат, би үйрімелері бар.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына жазушы, композитор, музыкатанушы, аудармашы, суретші Ілия Жақанов, аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Кәдірбек Садубаев және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты рәсімде сөз алған Ілия Жақанов орта мектепті Қаратауда оқығандығын, білікті ұстаздардың алдын көргендігін еске салып, мектепке қабылданған бүлдіршіндерге ақ тілегін білдірді.
Жаңа білім ошағының лентасын Ілия Жақанов пен Нұрбол Жүнісбеков қиды.
Мұнан соң жиылған көпшілік оқу кабинеттерін, спорт залды, асхананы аралап көріп, білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасымен танысты.