Тау тұлғаға тағзым етті

0 5

«Tt» — ақпарат».

Кеше Қаратау қаласында Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ел ардақтысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай, ұлы тұлғаның рухына тағзым ету, есімін еске алу шарасы өтті.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы болды.
Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт ішінде елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ.
Дінмұхамед Ахметұлы өзінің үлкен мәдениеттілгімен, ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өрісі биік жан екенін көрсетті.
Тау тұлғаны бір минут үнсіздікпен еске алған еңбек ұжымдары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, еске алды.