2026 жылдың 5 ақпанында Қаратау қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы мұражайда білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстандағы конституциялық реформа» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Кездесуге Талас аудандық мәслихатының депутаты Мәселбеков Докторбек Манатбекұлы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Айдабосынов Нысамбай Медетқұлұлы қатысты.
Кездесу барысында конституциялық реформалар мен саяси жаңғырту үдерістері, сондай-ақ олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың азаматтық белсенділігін арттырудағы маңызы талқыланды.