15 наурыз күні өтетін дауыс беру – қоғамдық маңызы бар саяси іс-шара. Оған қатысу әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық парызы саналады. Әрбір берілген дауыс маңызды және шешім қабылдау үдерісінде ескеріледі. Азаматтардың белсенді қатысуы қоғамның тұрақты дамуына және стратегиялық бағыттың дұрыс айқындалуына негіз болады. Осыған байланысты баршаңызды дауыс беру күні өз таңдауыңызды білдіріп, жауапкершілік танытуға шақырамыз. Ортақ мақсат пен бірлік жолында Қазақстан болашағына үлес қосу – әрқайсымызға жүктелген міндет.