Көктем шуағы – мейірім мен құрметтің белгісі»

0 3

Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні «Көктем шуағы – мейірім» атты ерекше нәзік жандарға арналған мерекелік акция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше жандарға құрмет көрсетіп, оларға қоғам тарапынан қолдау білдіру, мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ көктем мерекесі қарсаңында көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.

Акция барысында ұйымдастырушылар ерекше жандарға шынайы ықыластарын білдіріп, оларға гүл шоқтарын табыстады. Жүрекжарды лебіздер айтылып, ізгі тілектер жолданды. Қатысушылар мұндай қамқорлық пен ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, жылы әсерлерімен бөлісті.

Шараның басты ерекшелігі – қоғамда мейірім мен жанашырлықтың маңызын тағы бір мәрте насихаттауында болды. Көктемнің шуақты күндерімен бірге келген бұл игі бастама ерекше жандарға қуаныш сыйлап, олардың жүрегіне жылулық ұялатты.

Осындай қайырымдылыққа толы шаралар қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдар арасындағы мейірім мен сыйластықты нығайта түсетіні сөзсіз.