Жамбыл облысы Талас ауданында агросала мен тұрғындардың әлеуметтік ахуалына тілкелей әсер ететін ауқымды жоба қолға алынды. Бұл туралы Үшарал ауылында өткен наурыз мерекесінде айтылды. Жобаны жүзеге асырушы “Harvest Agro” компаниясы. Қазір жергілікті әкімдік тарапынан 41 мың гектар жер беріліп, ауышаруашылығы айналымына қосылуға әзірленуде. Бұл-ауданнан жаңа жұмыс орындарының ашылуына, әлеуметтік инфрақұрылымдардың жандануына, ауыл тұрғындарының еңбекке араласуына жол ашатын болады.
Жобаны қолға алған компания аудандық әкімдікпен ерекше наурыз мерекесін ұйымдастыруға да үлес қосты. Ақ шаңқай киіз үйлер құрылып, салт-дәстүр жаңғырған Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар ойнатылып, жеткіншектер бәйгеде бақ сынаса, білекті азаматтар көкпар тартты. Осылайша әкімдік пен компания арасындағы байланыс ұлттық мерекеде пысықталды.
Келесі жазба