Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуға тиіс

0 11

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Almaty Superski жобасының Қазақстан туризмін дамытудағы маңызын атап өтті.

Министрдің айтуынша, бүгінде туризм жұмыспен қамтуды арттыруға, шағын және орта бизнестің дамуына, инвестиция тартуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және елдің халықаралық имиджін нығайтуға ықпал ететін стратегиялық маңызды салалардың біріне айналды.

2024 жылы Қазақстанға 15,3 миллион адам келген. Ал ішкі туристер саны 10,5 миллион адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 900 мың адамға артқан. Бұл көрсеткіштер туризмнің экономиканың нақты өсім нүктесіне және елімізді халықаралық деңгейде танытудың маңызды құралдарының біріне айналғанын көрсетеді.

Соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризміне қызығушылық артып келеді.