Қазақстанның экспорты артып келеді: жарты жылда $40 млрд-тан асты, Түркияға экспорт екі есеге жуық өсті
Қазақстанның экспорты артып келеді: жарты жылда $40 млрд-тан асты, Түркияға экспорт екі есеге жуық өсті
2026 жылғы қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның тауар экспорты 8,6%-ға өсіп, $40,3 млрд-қа жетті. Экспорттың өсімі импортқа қарағанда жоғары қарқын көрсетті. Бұл ретте оң сауда балансы шамамен $8,9 млрд болды.
Жыл басынан бері импорт көлемі 5,4%-ға өсіп, $31,5 млрд құрады. Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $71,8 млрд-қа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артты.
Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы негізгі нәтижелердің бірі – сыртқы сауда көлемінің ұлғаюымен қатар, экспорттың импорттан жоғары қарқынмен өсуі. Бұл елдің оң сауда балансын одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстан экспорты $40 млрд межесінен асты
Алты ай ішінде Қазақстан шетел нарықтарына $40,3 млрд көлемінде тауар жөнелтті. 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында бұл көрсеткіш $37,1 млрд болған. Осылайша, бір жыл ішінде экспорт көлемі шамамен $3,2 млрд-қа артты.