КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

0 14

Аудан әкімі Әлихан Балқыбековтің төрағалығымен, аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімдігінің бөлімдері, мекемелерінің басшылары, ауылдық округ, ауыл әкімдері қатысты. Жиынның күн тәртібіне кіріспес бұрын аудан басшысы өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Мейірхан Төлеулиевті, аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған Нұркелді Қазақбайұлын, осы аппараттың ұйым­дастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас­шысы болып тағайындалған Мейірхан Жайлауды әріптестеріне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Со­нымен қатар қазақ күресінен 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирден жүлделі 3-орын иеленіп келген Ақеділ Төлебайұлын жетістігімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Аппараттық кеңестің күн тәртібінде: «Көктемгі егіс – дала жұмыстарына дайындық барысы туралы», «Ауданға инвес­тициялық жобаларды тарту жұмыстары туралы», «2023 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру жұмыстарының қорытындысымен 2024 жылдың көктемге әскерге шақыру жұмыстарын зерделеу барысы туралы» мәселелер қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубековке сөз берілді.
–Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы – 84 техника дайын. Оның ішінде: доңғалақты трактор саны – 36 дана, трактор соқалары – 26 дана, қопсытқыштар – 14 дана, дән сепкіштер – 8 дана.
Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыс­тарын жүргізу үшін «Мойынқұм Су-Жылу» КМК мекемесінің техникаларын және «Ауыл Аманаты» жобасы аясында құрылған АШӨК-нің ауылшаруашылық техникаларын пайдалану жұмыстары жүргізілетін болады.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында 130,0 тонна дизель отынына онлайн түрде тапсырыс беріліп, бірыңғай оператор болып жеке кәсіпкер М.Есенхожаев белгіленді. Арзан­датылған дизель оты­нының бағасы 250,0 теңгеден бекітіліп, нарықтағы бағадан 16,6%-ға төмен сатылатын болады. Алдағы уақытта тасымалданып, тарату жұ­мыстары жүргізіледі, – деді Қуандық Серікбайұлы.
Келесі мәселелер бойынша аудан әкім­дігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бө­лімінің басшысы Әбдіғали Әбдіразақовтың, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Ерболат Әділбаевтің баяндамалары тыңдалды.
Әлихан Әбіләшұлы қаралған мәселелер бойынша салаларға жетекшілік ететін орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшыларына бағыт-бағдар көрсете отырып, нақты тапсырмалар берді.

Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».
Суретті түсірген автор.