ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0 7

Аудан орталығындағы балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдердің қазақ ертегілерін оқуға, қызығушылығын арттыруға, халық шығар­ма­шы­лығының құндылықтарын отбасында сақтап, адамгершілік тәрбие, қазақ әдебиетін оқумен айналысатын білім алушыларды қолдау мақсатында «Қазақ ертегілері» атты аудандық сурет байқауы өтті. Оған ауданымыздағы мек­тептерден 32 оқушы қатысты.
Нәтижесінде «Жас суретшілер» номинациясы бойынша жоғарғы топтан Балалар шығармашылық орталығының оқушысы Шұғыла Тоқатай, Аяла Оңланбай бас жүлдені жеңіп алса, орта топтан бас жүлдені М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Нұрайым Өмірхан, Назгүл Байтан иеленді. Кіші топтан бас жүлде Өнер және қосымша білім беру мектебінің оқушысы Асылжан Қоңыратбайға бұйырды.
Жетекшілері Жазира Сейітжанова, Айғаным Таштаева, Шолпан Тәңкібаева, Жанар Қоңыратбае­ва­лардың еңбегі зор.
Байқаудан бас жүлде алған оқушылар ма­рапатталып, облысқа жолдама алды.
Ал «Қазақ ертегілері» атты сурет байқауының облыстық кезеңінен Шұғыла Тоқатай 1-орын, Аяла Оңланбай, Нұрайым Өмірхан, Назгүл Байтан, Асылжан Қоңыратбайлар 3-орынға ие болды.
Жүлдемен оралған оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, оқуда озат болып, бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспін!