Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ресми ашылуына орай қазақтың ұлттық құдылықтары мен әр облыстың туристік мүмкіндіктері таныстырылды.
Атап айтсақ, Бейжіңде Қазақстанның әр өңірінен келген делагация мүшелері қазақтың құрты мен ірімшігін, қазы-қарта, жал-жаясын, бауырсақ пен еліміздің таза балын, тіпті, Наурыз көжесіне дейін дайындап ала барған.
Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарын да қонақтар алдына жайып салып, ұлттық музкалық асаптарымызбен әндерін әуелетіп, күйлерін құйқылжыта тартып, қытайлық азаматтарды өнерімен таңғалдырып жатыр.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін бейжіңдік тұрғындарға таныстыру.
Естеріңізге сала кетейік, ертең, 29 наурызда қонақтарды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты, мәдени бағдарламасы бар этноауыл, сондай-ақ көрнекті әртістердің қатысуымен өтетін үлкен гала-концерт күтіп тұр.