Кабирхан қатысатын Dubai world cup жарысы тікелей эфирде көрсетіледі

0 7

«Qazsport» телеарнасы Кабирхан қатысатын Dubai world cup жарысын тікелей эфирде көрсетеді.

30 наурыз күні Дубай төрінде ат жарысынан Әлем кубогы өтеді. Бәйгеге қазақстандық сәйгүлік Кабирхан қатысады.

Аталмыш додада қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев та бақ сынайды.

Дубайдағы бәйге «Qazsport» телеарнасынан 30 наурыз 16.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.