Темір жол — қауіптілігі жоғары аймақ

0 9

Темір жолдағы жазатайым оқиғалар туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерден аз беріліп жатқан. Бірақ соған қарамастан темір жол өткелі бойында қоныстанған тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстана бермейтіні алаңдатады.
Өйткені, темір жол саласының мамандары қанша жерден алдын алу шараларын жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын атқарып жатқанымен оқыс оқиғалар тыйылар емес. Бұл жерде тұрғындардың жауапкершілікке немқұрайлық таныту деуден басқа амалымыз жоқ.
Өзіңіз ойлап көріңізші. Соңына 30-40 вагон тиеген машинист артында не болып жатқанынан хабарсыз күйде қозғалады. Пойызды бірден тоқтату мүмкін емес. Тек төтенше тежеуді қолдана отырып 800-1000 метрден кейін ғана тоқтатуға мүмкіндік алады. Ал, мұндайды күтпеген мектеп оқушылары табан астында қалай жүрерін білмей қалады. Ондай бейғамдықтың соңы қайғылы жағдайға душар етеді. Мұндайда қажетті қауіпсіздік ережесін ата-аналар түсіндіріп отыруы қажет. Біздер де арнайы мамандармен бірге орта мектептер мен кәсіби орта білім беру мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткіземіз. Алайда, жаныңдағы баласына ата-ананың берген ақылы бөлек, жадында сақтайды. Тек балалар ғана емес, кейде тұрғындар тарапынан да келеңсіздіктер кездесіп жатады. Темір жол стансаның жанында және өзге де аумақта жаяу жүргіншілер үйін қойылған арнайы өткелдер бар.
Одан бөлек, жайылымға қараусыз шығып кеткен малдардың темір жол үсітен шығып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін жағдайдар аз емес. Темір жол көлігінің малмен соқтығысуы, тек мал өліміне алып келмейді, сондай-ақ локомотивке зиян келтіріп, пойыздардың қозғалыс кестесін бұзады.
Жалпы мұндай қауіпсіздік ережесіне немқұрайлылық танытқандар жауапқа тартылатындығын еске саламыз. Мұндай шектеулер адамдардың заңсыз әрекеті үшін жауапкершілігін арттырады деген сенімдеміз. Сонымен қатар пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Мейірбек Егембердиев,
учаске бастығы.
Ринат Прамаханбетов,
техник.
Бауыржан Қабылбеков,
жол қараушы.