Алғыс хатқа ие болды

0 3

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтың төрағалығымен осы жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткен болатын. (Ол туралы мақала газетіміздің осы санында жарияланып отыр).
Іс-шара соңында жиынды қорытындылаған Серғали Өмірзақұлы бірқатар еңбек ұжымдары мен азаматтарды сайлау процесіне белсенді атсалысқаны үшін арнайы марапаттады.
БАҚ өкілдері арасында «Talas tynysy» газетінің ұжымы «масс-медиа және онлайн-платформа саласының дамуына қосқан үлесі үшін» Алғыс хатқа ие болды.

Таңнұр Қамбарбек,
М.Х. Дулати атындағы университетінің студенті.