«Алтын белгі» иегерлері марапатталды

0 22

«Tt» — ақпарат».

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мектеп бітіруші түлектер арасында «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
Шарада аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауданымызда биылғы жылы мектеп бітірген 437 оқушының алған білімдері жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын тілге тиек етіп, «Алтын белгі» иегерлерін сахна төріне шығарып марапаттады:
— ҰБТ-ның наурыз айындағы қорытындысы бойынша аудандық орташа балл 66 пайызды құрайды. Мұны жақсы көрсеткіш деуге болады. Ауданда биыл мектеп бітірген түлектер ішінде 26 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, өз мектептерінің қуанышына, ауданымыздың мақтанышына айналып отыр. Бұл жетістіктер әрине, ұстаздар қауымының төгілген терінің жемісі. Мектепті «Алтын белгіге» бітірген озат түлектердің жолы ашық, бағыты түзу, алар асулары мол болсын, — деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар, салтанатты шарада балалардың жетістігіне бірге қуанып, көңілдері толқып отырған мектеп ұстаздары мен ата-аналар қауымының атынан да жүрекжарды лебіздер айтылды.