15 наурыз – ел үшін маңызды саяси іс-шара. Бұл күні әр азаматтың дауысы ерекше мәнге ие, себебі әрбір берілген дауыс қоғамдық шешімдердің қабылдануына және елдің дамуының бағытын айқындауға ықпал етеді. Азаматтық белсенділік пен саналы таңдау – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Барша азаматтарды дауыс беру күні өз ұстанымын білдіруге және жауапкершілік танытуға шақырамыз. Әр дауыс есепке алынады және маңызды. Ортақ мүдде жолында бірге таңдау жасап, өркендеген Қазақстан үшін үлес қосайық.