АТА ЗАҢ– ЕЛ ТІРЕГІ

0 4

Ағымдағы жылдың 27 тамызы күні Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының Достық үйінде ҚХА аудандық Ақсақалдар кеңесі мен Төтенше жағдайлар мекемесінің ұйымдастыруымен “Ата заң — басты құндылықтардың бастауы” тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Кездесу барысында қоғамдағы татулық пен бірлік мәселелері туралы Ассамблеяның аудандағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов және орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Леаицкая құнды ойларымен бөлісті.

Жиын барысында бұдан өзге кеңестің мүшелері Кәрім Ағыбаев, Болат Медеров, өрт сендіру бөлімінің бастығы М. Құлмаханбетов Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы маңызы туралы мәнді ойлармен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді.