Өткен жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдауға аудан орталығынан, Қарабөгет және Бірлік ауылдарынан бірнеше азамат келіп, көкейкесті мәселелерін айтты. Атап айтқанда, аудан тұрғындары жер телімін заңдастыру, тұрғын үйге жөндеу жұмысын жүргізу, кезекке тұру сынды мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Қабылдауда аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы өткен жылдың қыркүйек айында ашылған психологиялық көмек көрсету бөлмесінің қызметкерлерін қабылдап, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті дамытуды тапсырып, әрбір игі бастамаларына қолдау білдіретінін айтты.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба