Дроп — бұл қылмыс
Елімізде банк картасын үшінші тұлғаға бергені үшін қызмыстық жауапкершілік енгізілді.
Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.
Былайша айтқанда өз картаңызды немесе банк шотыңызды бөтен адамға беру — қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ал, алаяқтың өтінішімен қаражат аударсаңыз-бұл дроп болу мүмкін. Ол үшін 160 айлық есептік көрсеткіштен 3-7 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.
Егер, адам алғаш рет жасап, өзі келіп көмектессе-жауапкершіліктен босатылады.
Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті.
Сондықтан, ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаға бермеңіз, картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы «оңай ақша табуға» келіспеңіз, күдік туған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Қ.Махамбетов,
АПБ КПБ аға жедел уәкілі, полиция майоры.