Аулада спорт алаңшасы ашылды

0 11

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy».
Ә.Ақшораев көшесіндегі №1 және №1 «а» қаладағы пәтерлері көп тұрғын үйлердің бірі саналады. Соған сәйкес мұнда қоныстанушылардың да қатары қалың. Аулада орнатылған арнайы ойын алаңдары болмағандықтан қатар орналасқан үйдің балалары «Жастар саябағына» барып, бос уақыттарын өткізетін. Қос үйдің ортасындағы аумаққа спорт алаңшасын соқтыру осындағы ата-аналардың және балалардың біраздан бергі тілегі болатын.
Аудан және қала әкімінің қолдау танытуымен көптің өтініші қабыл болды. Өткен жұмада аталған көппәтерлі үйдің тұрғындары аулада бой көтерген заманауи үлгідегі спорт алаңшасы мен Street workout алаңының ашылуына куә болды. Жалпы бұл шағын шаһардағы аулалар мен жеке сектордағы пайдалануға беріліп отырған тоғызыншы нысан.
Көпшіліктің қуанышымен бөлісуге келген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков салтанатты рәсімде: -Балаларға мемлекет тарапынан қолдау артып келеді. Өйткені, білімді, тәрбиелі, дені сау ұрпақ-мемлекеттің байлығы. Балаларымыз артқан сенімді ақтап, биіктертен көріне берсін,-деді. Сонымен қатар аудан әкімі аула балаларына футбол добын тарту етіп, естелік суретке түсті.