Ауылға кіре беріс жол құрылысы аяқталуға жақын

0 18

Нарбол ҚАШАҒАН, «TALAS tynysy».
Есейхан ауылына кі­ре беріс жол жергілікті тұрғындар тарапынан кө­терілген басты мәселесінің бірі еді. Тозығы жеткен жол ауылдан қатынағандар үшін айтарлықтай қиындық тудыратын. Әсіресе, көптен жөндеу көрмеген жолда қыс пен күз мезгіліне қауіптілік тіптен арта түсетін. Көпшілікті де алаңдататыны осы мәселе.
Көпке ортақ түйткіл оң шешімін тапты. Есейхан ауылына кіре беріс 10,3 ша­қырымды құрайтын жолға мамыр айынан бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық және аудандық бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Құры­лыс жұмыстары қазіргі таңда аяқталуға жақын.
— Бүгінде қажетті жұмыстардың 80 пайыздан астамы орындалды. Яғ­ни дренаждық каналдар жасалып, құм-қиыршық тас төгіліп, асфальт жабындысы төселуде. Құрылысқа жауап­ты «Қаратау жолдары» ЖШС (директоры Н.Бекбердиев). Ал, нысанға техникалық қадағалау жүргізетін «Стройсервис КНК» ЖШС. Жөндеу жұмыстарын аяқтау қазан айына жоспарланған, — дейді Қаратау ауылдық округінің әкімі Мұрат Несіпбаев.