15 наурыз күні өтетін дауыс беру науқанына қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы және жауапты міндеті. Әрбір берілген дауыс қоғамдық шешімдердің қабылдануына және ел дамуының бағытын айқындауға ықпал етеді. Азаматтық белсенділік пен саналы таңдау – тұрақты даму мен қоғамдық келісімнің маңызды негізі. Баршаңызды дауыс беру күні белсенді қатысып, өз ұстанымдарыңызды білдіруге шақырамыз. Әр дауыс есепке алынады және маңызды. Ортақ болашақ үшін бірге таңдау жасайық, өркендеген Қазақстан жолында.