Талас аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қаратау қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте дебат турнирінің аудандық кезеңі өтті. «Адал азамат – біртұтас тәрбие» тұжырымдамасы аясында жіне «Ұшқыр ой алаңы» жобасы негізінде өткен шараға аудан мектептерінің командалары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, белсенділік пен шығармашылық көзқарасты танытты.
Аталған турнирдің басты мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында мәдениетті пікірталас жүргізу мәдениетін нығайту болды. Дебат барысында қатысушылар өзекті қоғамдық тақырыптарды талқылап, аргументтерін ұсыну арқылы білімдері мен шешендік қабілеттерін көрсетті.
Қазылар алқасы ойыншылардың логикалық ойлауын, дәлелдеу шеберлігін және командалық жұмысын бағалап, үздік командаларды анықтады.
Іс-шара жас ұрпақты әділдікке, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар, дебат турнирі оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.