22 ақпан күні Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде Конституциялық реформаны қолдауға арналған іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар елдегі жаңғыру бастамаларының маңызы туралы пікір алмасып, реформалардың қоғам дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын атап өтті.
Іс-шара аясында шығармашылық қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынылып, жас өнерпаздар патриоттық рухтағы әндер мен көріністер арқылы реформаларды қолдайтындарын білдірді. Сонымен қатар қатысушылар ел болашағы үшін белсенді азаматтық ұстанымның маңызын атап өтіп, жаңарған Конституция әділетті, ашық әрі жауапты қоғам қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, елдегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді қатысуына серпін беред