Осы аптада сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІ сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары Жұманазар Көдеков, Шахикерім Исабеков, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшылары, ауылдық округ, ауыл әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Сессия басталар алдында аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов мәслихат депутаты Пернебай Рысымбетовке «Қазақстанның үздік депутаты» төсбелгісін, мәслихат депутаты Ғалия Бейсебайқызы Шубаеваға 60 жасқа толуына орай құттықтау хатын табыс етті. Сондай-ақ ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосып, зейнетке шыққан аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Баяхмет Кемелбекұлы Шынжарбековке құттықтау хат тапсырып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Сессияны мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «Округтік сайлау комиссияларының шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерін сайлау туралы», «Мойынқұм ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы», «Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-3 шешімінің күшін жою туралы», «Мойынқұм ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы», «Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындау туралы», «Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №60-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведоствоаралық комиссиясын құру туралы», «Қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік көмек және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық кеңесші органын құру туралы», «Жер телімін немесе жер телімінің жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру, өткізу үшін комиссия құру және жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді реттейтін комиссия құру туралы туралы», «Мойынқұм аудандық бюджеттік комиссия құрамын бекіту туралы», «Аудандық әкімдіктің дербес құрамын құру туралы» сынды мәселелер қаралып, тиісті шешім қабылданды.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба