«Конституциялық реформа және жастар» тақырыбында кездесу өтті.

0 5

2026 жылғы 5 ақпан күні Талас ауданының Қаратау қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» ауданның белсенді жастары және  қала тұрғындарымен «Конституциялық реформа және жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Жұмабек Әсемов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы  Нысамбай Айдабосынов  қатысты.
Кездесу барысында конституциялық реформалар мен саяси жаңғырту мәселелері, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың белсенділігін арттыруға ықпалы талқыланды.