Мәжіліс депутаттары өңірдегі өзекті жобалармен танысты

0 5

«Tt» — ақпарат».

Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, Әбутәліп Мүтәлі және «AMANAT» партия­сы Жамбыл облыстық филиалының төра­ғасы Дауыл Бейсенқұлов Талас ауданы­на іссапармен келіп, өңірдегі бірқатар әлеу­меттік және өндірістік маңызы бар нысандарды аралады.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын алдымен Ақкөл ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияның жұмы­сымен таныстырды. Аталған медици­налық нысанда 2 дәрігер мен 7 орта буын медицина қыз­меткері ауыл тұрғындарына алғашқы ме­дициналық — санитарлық көмек көрсе­туде. Депутаттар өз кезегінде амбулато­рия жұмысына заманауи медициналық технологияларды енгізу ар­қылы көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
Жұмыс сапары барысында депутаттар сонымен қатар, қайта жаңғыртудан өтіп жатқан аудандық көпбейінді орталық ауру­хананың ғимаратын аралады. Бұл нысанның бүгінгі таңда әкімшілік корпусы мен бір емдеу корпусын жөндеу жұмыстары 90 пайыз­ға аяқталған. Аудан бас­шысы Нұрбол Жүнісбеков алдағы уақытта аурухана­ның бас ғимаратына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізіп, жұмыс барысын баяндады.
Мұнан соң, Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі «Talas Investment Company» ЖШС-нің 2-кезеңі бойынша салынып жатқан зауыттың құрылысымен танысты. Аталған өндіріс орны толық қуатына шыққан кезде жылына 30 мың тонна натрий цианидін өн­діру мүмкіндігіне ие болады. Бұл көрсеткіш – тек аудан ғана емес, сонымен қатар облыс экономикасына да серпін берер ауқымды қадам. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына 15 мың тонна өнім өндіріп отыр. Екінші кезең жүзеге асқанда өндіріс көлемі екі есеге ар­тып, жаңа жұмыс орындары ашылып, аудан­ның өндірістік әлеуеті айтарлықтай артады.
Депутаттар зауыттағы құрылыс жұ­мыстары мен технологиялық үдерістерге ерекше назар аударып, өндіріс қауіпсіздігі мен экологиялық талаптардың сақталу маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жер­гілікті мамандарды оқыту, еңбек жағдайын жақсарту сынды мәселелер де қозғалды.
Келесі кезекте Қаратау қаласындағы «Игілік» көпсалалы кәсіпорнына ат басын бұрған жұмысшы топ мұндағы орталық жылыту қазандығы мен жаңадан іске қосылып жатқан мазут шаруашылығы ғимаратының жұмысымен танысты. Ор­талық жылыту қазандығы қазіргі таңда, 156 көппәтерлі тұрғын үй мен 222 мекемені жылумен қамтамасыз етуде.
Жұмыс сапары барысында депуттарға сондай-ақ, Майтөбе ауылындағы төтен­ше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бе­кеті­нің қазіргі ахуалы мен қызметі таныстырылды.
Бұл бекет – тек өртке қарсы күреспен ғана емес, түрлі төтенше жағдайларда жедел әрекет ететін, көпқызметті құрылым ретінде жұмыс істеп келеді.
Бекет қызметкерлері ауа райының күрт құ­былуы, көктемгі су тасқыны, жол-көлік оқи­ғалары сынды тосын жағдайлар кезінде де жедел әрекет етеді. Қыс мезгілінде Тараз–Қаратау–Жаңатас бағытындағы жол бөліктерінде, әсіресе Берікқара ауылдық округі маңында боран мен көктай­ғақ салдарынан көмекке зәру азаматтар жиі кездеседі. Мұндай жағдайда осы бекеттің кәсіби шеберлігі мен техникалық жарақтандырылуы аса маңызды рөл атқарады.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков бекет қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту, заманауи техникалармен жабдықтау, жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жоспарлар жайында айтты. Себебі, бұл салада уақытпен санаспай еңбек ететін мамандар үшін қауіпсіздік пен жоғары дайын­дық — басты талап. Мемлекеттік деңгейде төтен­ше жағдайлар саласына көңіл бөлініп, жергілікті бөлімшелердің әлеуетін арттыру – тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне жасалып жатқан нақты қадамдардың бірі.
Жұмыс сапары барысында Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі AMANAT партиясы Талас аудандық филиалының мәжіліс залында жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Н.Жүнісбеков, AMANAT партиясы Жамбыл облысы филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов партия аудандық филиалының төрағасы Д.Маселбеков, аудандық мәслихаттың депутат­тары және аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары қатысты.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс­қа орналасу, медицина мамандарының жалақы­сын көтеру мәселелерін алға тартты. Аталған өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жауапты мамандармен шешу жолдарын қарастырды.