«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

0 15

Үстіміздегі жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы 01.08.2025 – 30.09.2025 жыл аралығында өтеді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қам­тылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болар. Мемлеке­тіміздің болашағы — жас ұрпақтың салауатты, саналы болуы үшін жақ­сылық жасауға, игілікті істер атқаруға атсалысуларыңызды сұраймыз.
Байланыс нөмері: 8 705 914 52 29.
Е.Тлеубердиев,
Талас аудандық білім
бөлімінің әдіскері.