«Tt» — ақпарат».
Отбасы – қоғамның негізі, тәрбиенің бастауы. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасылық береке мен бірлікті насихаттауда ерекше маңызға ие. Бұл байқау – ұрпақ тәрбиелеуде үлгі болған, елге еңбегімен танылған, берекелі өмір сүріп жатқан отбасыларды дәріптеуге арналған. Онда еңбекқорлық, өзара сыйластық, рухани байлық, дәстүрге беріктік сияқты құндылықтар негізге алынады.
Байқауға түрлі салада қызмет етіп жүрген, көпбалалы, өнегелі, ұрпағы тәрбиелі отбасылар қатысады. Олар тек тұрмыстық үлгісімен ғана емес, елге сіңірген еңбегі, қоғамға қосқан үлесі арқылы ерекшеленеді.
Жуырда аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова «Мерейлі отбасы- 2025» байқауы аудандық кезеңінің жеңімпаздарын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова байқаудың басты мақсаты – отбасылық бірлік пен татулықты үлгі ету екенін,сонымен қатар әр отбасы үшін үлкен мотивация әрі қоғамға үлгі боларлық маңызды шара екендігін атап өтті. Жеңімпаздарға жылы лебізін арнап, жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектерін ерекше бағалады.
Отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесінде үлгі бола білген Даулбаевтар отбасы мен Тоқсанбаевтар отбасы бұл байқауда белсенділік танытты, жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алып, өңірлік кезең бойынша Даулбаевтар отбасы ІІІ-орын иегерлері атанды. Тараз қаласы «Достық» үйінде өткен шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы — 2025» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
«Мерейлі отбасы» – жастарға тәлім, елге өнеге. Бұл байқау арқылы ұлттық тәрбие, отбасылық дәстүр, адамгершілік құндылықтар насихатталып, отбасылық институттың қоғамдағы маңызы арта түсуде.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба