Қаратау қаласындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды
Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік түрлері туралы кең көлемде ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.