«Қоғамдық байланыс» жобасы аясында

0 4

Облыс прокуроры қабылдау жүргізді

«Tt» — ақпарат».

Кеше Қаратау қаласында «Қоғамдық бай­ланыс» жобасы аясында Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығынының алдында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров және уәкілетті орган өкілдері аудан тұрғындарын қабылдады.
Жеке қабылдауға дейін Нұрғалым Мәжитұлы аудандық полиция бөліміне қарасты тірек пункттерін аралап, олардың жәй-күйімен танысқан болатын.
Ал, жеке қабылдау барысында туындаған сауалдар төңірегінде нақты тапсырмалар берді.
Бұдан соң пробация қызметінде тұрған азаматтарға ұсынылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысып, бұл шараның маңыздылығына тоқталды.