Қаратау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды
Кездесудің басты мақсаты-жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік ұғымын қалыптастыру.
Кездесуге Талас АПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі-Қожахметов Мадияр Қырықбайұлы, Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің хатшысы Сейілбек Зиянат, Талас ауданы көпбейінді ауруханасының СӨС медбикесі Шаншархан Ақбота, Талас АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКТ инспекторы, полиция лейтенанты Тынысбекова Альфия Кенжебекқызы қатысып, оқушыларға оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және денсаулықты сақтау мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды.
Спикерлер жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік деңгейін түсіндірді. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, ерте жүктіліктің зияны, зиянды әдеттерден сақтану, өз құқығын дұрыс пайдалану және міндеттерін орындау жөнінде нақты мысалдармен бөлісті.