ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

0 6

Үстіміздегі жылдың 5 наурызында Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның қыз-келіншектері арасында волейболдан аудандық біріншілік өтті.Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатынасқан аудан әкімінің орын­басары Мейірхан Төлеулиев нәзік жанды спортшыларымызды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарысқа тоғыз команда қатысты. Атап айтсақ Құмөзек, Қылышбай, Күшаман, Айдарлы, Хантау, Шығанақ ауылдары және аудандық орталық аурухана, Экологиялық орталық, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінен келген командалары бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Күшаман ауылынан келген Амангелді орта мектебі I орын, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің командасы II орын, аудандық орталық аурухананың қыздары III орынға ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған командалар бағалы сыйлықтармен және марапат қағаздарымен мара­патталды.