Индира Еркінқызы, «Talas tynysy».
Апта ішінде Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг болып өтті.
Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының жоспарлы жұмысына сәйкес ұйымдастырылған семинар –тренингке ауданымыздағы учаскелік сайлау комиссияның 62 мүшесі қатысты.
«Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» атты тақырыпта аумақтық сайлау комиссиялары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту, учаскелік сайлау комиссияларын кәсібилендірудің өзекті мәселелерімен бөлісу, нормативтік актілермен және әдістемелік материалдармен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Барлық деңгейдегі сайлау науқандарын ескере отырып, алдағы сайлау кезеңіне міндеттер қою, саяси партиялармен, байқаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және сайлау процесінің өзге де қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау әдістері мен дағдыларына оқыту, сайлау процесін және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың практикалық дағдыларын меңгеру, сайлауды дайындауға және өткізуге байланысты құжаттардың құрамы мен мақсатын түсіну, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айрықша және экстремалды жағдайларда шешім қабылдау коммуникативтік дағдыларды меңгеру сынды маңызды мәселелер қамтылған оқу семинары дәріс, топтық жұмыс, мінез-құлықты модульдеу және іскерлік ойын негізінде өткізілді.
Оқыту курсын ашып, сөз сөйлеген Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов сайлау құқығының принциптері және сайлау жүйелерінің негізгі аспектілеріне кеңінен тоқталып, кез-келген науқанда басты талап заңдылық екендігін баса айтты.
Келесі кезекте шараның бағдарламасына сәйкес модераторлар Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлау округтері мен учаскелерін құру жүйесі туралы, А.Боранбав сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері туралы, М.Сембеков байқаушылардың қызметін қамтамассыз ету, сайлау алдындағы үгіт, сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу туралы, Т.Жамалов дауыс беру тәртібі және дауыс беру қорытындыларын анықтау туралы, А.Асқарбеков мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы, А.Алжапбарова мен қосымша дәріскер Ә.Қадырбекова сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы, аудан прокурорының орынбасары А.Тілешов пен модератор Е.Жапаров сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік туралы, А.Асқарбеков сайлау құжаттарындағы сайлаушылар деректеріне қол жеткізген кезде және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда дербес деректерді сақтау, жою, өңдеу туралы тақырыптарды қамтығына баяндамашылар сайлау науқанының негіздері мен заңдылығына егжей-тегжейлі тоқталып, сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығының төрайымы, психолог З.Дауренова кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері негізінде психологиялық тренинг ұйымдастырып, әріптестердің бірін-біріне деген қарым-қатынасы мен күйзеліс кезінде өзін ұстауы сынды тәжірибелер көрсетті.
Семинар-тренингте «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өтті. Іскерлік ойынды №415 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері көрсетті. Білікті маман, тәжірибелі төраға Р.Бекбергенов түрлі ситуацияларға тоқтала отырып, дауыс берудің бір күнін көрсетті. Іскерлік ойынның барысында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т.Жамалов сайлаудың кейбір тұстарында өзінің тәжірибесімен бөлісіп отырды.
Бір күнге жоспарланған жүйелі сабақ соңында комиссия мүшелері тест тапсырып, біліктілігіне байланысты сертификат табыс етілді.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба