Ағымдағы жылғы 24 қаңтар күні Талас аудандық «Әділетті және Прогресивттік Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалиция мүшелері Қаратау қаласындағы «Мансап» орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Н.Манатбеков, А.Калыбекова және Б.Байтанаев қатысып, Жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтарын түсіндіре келе 15 наурызда өтетін Республикалық Референдумға қатысуға және қолдап дауыс беруге шақырды.
Кездесу барысында «Мансап» орталығының қызметкерлері тарапынан жаңа редакциядағы Ата Заң бойынша ой-пікірлерін ортаға салып қолдау көрсетті.
Жаңа Конституция бойынша дұрыс шешім қабылдау – азаматтық парызымыз. Елдің дамуын, келешек ұрпақтың өсіп-өнуін және ұрпақтың бостандығын нақты кепілдендіретін, қоғамда «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыратын саяси құжат.