Аса құрметті жамағат!
Қадірлі мұсылман қауымы! Талас ауданының тұрғындары!
Қазақта «тумақ барда, өлім қақ» деген сөз бар. Сол айтпақшы бұл дүниеден бақилық болған жанды ақ жауып, арулап жер қойнына тапсыру – адал мұсылманның бір парызы. Өкінішке орай аудан орталығы Қаратау қаласында көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын қауымға – отбасының бір мүшесі қайтыс болғанда мәйітті сақтау, жаназасын шығару үлкен қиындық әкелуде. Әсіресе, жаз айларында мәйітті соңғы сапарға шығарарда қатты қиналады. Осы мәселені шешу үшін қаладағы Қажы Би атындағы Орталық мешіттің жанынан қиналғандарға қол ұшын беру үшін мәйітхана соғуды ойластырып отырмыз. «Бір үйдің кісісі өлсе қаралы ол» демекші қайтыс болған жанның мәйітін сол үйдің рұқсатымен мәйітханаға әкеліп, діни, адами жоралғыларды жасау ойымызда.
Көпшіліктің қалауымен мәйітхананың орыны белгіленіп, оның құрылысы басталып та кетті. Қаражатын жүрегінде иманы бар жандар қазірден бастап, қорға аударып, демеушілік көрсетуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Осы бір сауапты істен ауданның тұрғындары қалыс қалмайды деп сенеміз. Демеушілік жасағысы келетіндерге: Каспи Голд: 4400 4301 5635 3212, Каспи Телефон 8747 913 6752 ЕРЛАН. Т – деп хабарласуға, я болмаса нақтылай құрылыс материалдарымен де көмектесуге болатынын ескертеміз.
Алланың Нұры жаусын!
Талас аудандық Қажы Би атындағы
Орталық мешіттің ақсақалдар алқасы.