Саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алды

0 9

«Тt» — ақпарат».

Өткен ғасырдағы саяси қуғын – сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең екені белгілі. Зобалаң жылдар еліміздің қаншама абзал азаматтары­ның жазықсыз азапталуына, сотталуына, итжеккенге айдалуына әкеп соқтырды. ХХ ғасырдың қаралы жыл­дарының құрбаны болған азаматтар мен азаматшалар­дың есімдерін ұрпақ жадын­да қалдыру – біздің қасиетті борышымыз.
Бүгінде елімізде саяси қуғын-сүргіннің ұзын құры­ғына ілініп, құрбаны болған боздақтардың ұрпақтары мен барша қазақстандықтар жыл сайын оларды еске алуға арналған күнді ерекше атап өтуде.
Естеліктері ешқашан ес­кір­мей­тін бұл күнді Қара­тау жұртшылығы да ескеру­сіз қал­дыр­ған жоқ. Қаладағы саяси қуғын–сүргін құрбанда­рына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, рухтарына тағзым етілді.