Суицид — бұл өте күрделі және көптеген себептерден туындайтын құбылыс. Ата-ана өз баласына сауатты көмек көрсету жолдарын білсе осы жағдайдың алдын-алу мүмкіндігі жоғары. Соңғы кездері суицидтің жасарып бара жатқандығы — адамды қынжылтатын жағдай. Қазақстанда өткен жылы өз-өзіне қол жұмсағандардың жалпы саны 3,4% өскен екен.
Бұл ретте жасөспірімдер арасындағы суицид саны артып отыр. Қазақстанда 169 кәмелетке толмаған жеткіншектер қайтыс болған, олардың 27,8% -ы 5 пен 14 жас аралығындағы балалар, 72,2%-ы 15 пен 17 аралағындағы жасөспірімдер. Нақ осы жас санатында аяқталған суицид санының белсенді өсуі байқалады. 5 пен 18 жас аралығындағы қазақстандықтардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 1 жылда 17,8%-ға өскен.
Суицид — психологиялық құбылыс. Оны түсіну үшін өзіне қол жұмсаған баланың рухани жағдайын түсіну керек. Психологиялық тұрғыда санасы әлі пісіп жетілмеген жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсау арқылы «өз мәселемді шешемін, бұл мен үшін қиындықтардан, дағдарыстардан шығудың жолы», — деп ойлайтындығын ескерсек, суицидті кездейсоқ әрекет ретінде санауға болмайды. Өз-өзіне қол жұмсау, әсіресе, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер арасында белен алады.
Осыған сәйкес, жалпы әлемде әрбір 40 секунд сайын, елімізде әр сағат сайын бір адамның ішкі жан дүниесінде үлкен күйзелістер болмай тұрмайды. Осындай қауіпті кезендерде олардың жан дүниесін түсініп, адамды тығырықтан шығар жол сілтейтін жақыны болуы керек-ақ. Бұлай дейтініміз, бүгіндері көптеген ата-ана күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, баласында қандай проблемалардың туындағанын, көңіл-күйі қандай екендігін білмейді, оған арнайы уақыт бөле алмайды, тіпті бас ауыртпайтындары да кезігеді. Осындайда балалар ішкі күйзелісін ешкімге айта алмайды, булығып, тығырықтан шығар жол таба алмайды, онымен тек өзі ғана арпалысады. Ақыры осындай өкінішті жайытқа соғады.
Суицидтік мінез-құлықтан қауіп-қатерді мінездейтін әртүрлі белгілер бар. Суицидттік мінез-құлықтан жиі кездесетін белгілер: көңіл — күй, депрессия, агрессивтілік, өз-өзімен болу және жеткіншектердің эмоционалдық мінез-құлқындағы өзгерістер мен суицидтік қауіп-қатерді ерте анықтауда бақылау дағдысы ықпал етеді. Дағдарысқа ұшыраған жеткіншектердің мінез-құлқы, көңіл-күйі, сыныптастарымен және достарымен қарым-қатынасы, қызығушылықтары өзгере бастайды.
Әр баланың мінезі жүре қалыптасады. Психолог, әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптасу; оқушы отбасымен тығыз байланыста болу; баланың балалық шағын қорғау үрдістерін іске қосу; оқушыға жеке көмек беру (құпия түрде);
Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынасты жақын адамдарыңызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсіну қажет. Жас-өспірімдердің суицидке бейімділігінің себебін анықтау, тіпті солай деп жорудың өзі қиынға түседі. Бұл көбіне балалардың мінез-құлқының тұрақсыздығында, сондай-ақ анықтау, жәй ғана назар аударудың өзінің жоқтығына байланысты болады. Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды, бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтан, оларға ересек адамның тығыз байланысы мен терең түсінуі қажет.
Жастардың өзіне — өзіне қол жұмсауының себептері: депрессиялық көңіл- күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруға шалдығуы. Отбасындағы шеленіскен қарым-қатынастар. Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыс алмауы да әсерін тигізеді).
Адамдармен қарым-қатынастағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу.
Қоғамдық орындардағы эмоцияналдық, психикалық ахуалдар, ауыр деректі сөздермен кемсіту, ар-ождан, намысқа тию. Дене бітіміндегі физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне — өзі көңіл толмауы).
«Қиын» жасөспірімдер: ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, физиологиялық және психикалық даму кемістігі бар балалар, зорлық-зомбылық көрген балалар.
Өзін — өзі бағалауы төмен балалар: тез ренжігіш, депрессияға жеңіл түсетін балалар.
Көріп отырғанымыздай, суицидтік жағдайлар әр түрлі әлеуметтік жағдайлардан, дұрыс қарым-қатынас болмағандықтан орын алатыны белгілі болды. Сондықтан, психологтан осындай қауіпті балалармен, олардың ата-аналарымен де жекелей жұмыс жүргізуі тиіс.
Айгерім Қаратай,
«Жастар ресурстық орталығының»
аға инспекторы, психолог.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба