«Tt»-ақпарат».
Өткен сенбі және жексенбі күндері Астана қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Жамбыл облысы шаруаларының да өнімдері саудаға шықты.
Елордаға өңірдегі 10 аудан мен Тараз қаласының 90 тауар өндірушілері жалпы құны 220, 4 млн. теңгені құрайтын өнімдерді апарған болатын. Мұның қатарында таластық шаруалардың өнімдері бар. Олар 4,5 тонна ет, 10 тонна бақша дақылдары мен жеміс-жидектерді сауда сөрелеріне шығарды.
Жәрмекеде күнделікті тұтынатын азық-түлектерді тікелей фермерлерден алуға мүмкіндік болғандықтан ұсынылған өнімдердер бағасы да нарық құнынан 15-20 пайызға төмен саудаланды.
Жалпы Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне жамбылдық шаруалармен қатар, Атырау, Ақтөбе облысының келген фермерлер де ет, балық, сүт, азық-түлік, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткізді.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба