Түлектер тартуы

0 19

2021 жылы Жамбыл облысында осы өңірден шығып, бүгінде түрлі салада жетістікке жет­кен танымал түлектерді жастарға таныту және үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты да осы туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін демеушілік көрсетіп, мектептің материалдық базасын жақсартуға өз үлестерін қосу. Жоба бастау алған күннен бүгінге дейін көптеген игілікті істер атқарылды.
Осындай игілікті істің бірі Шоқан Уәли­ханов атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Білім ошағын 1999 жылы бітірген түлектер Ғалымжан Тоқмырзаев пен Әділет Молдабеков­тің жеке демеушілігімен мектеп ғимаратының алдыңғы жақтауына заманауи үлгіде, түнде жарық беріп тұратын мектептің атауын жаздырылды.
Патриоттық сезімнің үздік үлгісі — туған жеріне, мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет көрсету. Әрбір азаматтың өмірін­де табысқа жетуі мектеп пен мектеп мұғалімдері­нің еңбегі екені белгілі.
Сол себепті түлек­те­ріміздің алтын ұя мек­теп­терін естен шы­ғармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуан­тады. Түлектерімізге мың алғыс! «Жақсы сөз – жарым ырыс» дей­ді халқымыз. Ұрпа­ғын жақсылық пен қайырымдылық жасауға, бір-біріне мейірімді болуға тәрбиелген ата – аналарыңызға мың алғыс.
Сіздерге мектеп ұжы­мы атынан үлкен алғы­сымызды білдіреміз. Әлем­де сіздер сияқты мейірімді, ақкөңіл жә­не жанашыр адамдар аз. Өйткені, мұндай адамдар басқаларға үміт пен жанқиярлық көмек береді, мұндай адамдар басқаларды күшті және мейірімді етеді. Рамазан айында жасаған жақсылықтарыңыз, есе­леніп қайтып, өмірдегі барлық армандарыңыз бен амандығыңызды жү­зеге асырсын.
Қуат Қынаша,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының орынбасары.