Ұлттық өнерден үзілді бір үзік нұр…

0 10

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері елімізде дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан ерекше мереке. Бұл мерекенің аясы жыл санап кеңейіп келеді. Бүгінде ұлттық өнерге бет бұрған жастардың да қатары кө­бейгендігі көңіл қуантады. Себебі, ұлттық аспабы­мыз домбыраны ұлықтау- тұтас халқымыздың болмысын, тарихы мен салт- дәстүрін ұлықтау, қайта жаңғырту.
Ұлттық домбыра күні қарсаңында ауданда арнайы челендж ұйымдастырылып оған Қаратау қаласын­дағы Балалар өнер мектебінің жас өнерпаздары, аудан­дық «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жас­тары мен бірқатар мекеме қызметкерлері де атсалы­сып, аймақты күмбірлеген күйге бөледі. Жастарға домбыраның киесі мен күй құдіретін жеткізіп, қасиетті қара домбыраны ұлықтау мақсатында Қаратау қаласында өткен бірқатар шараларға аудан тұрғындары куә болды.
Салтанатты мерекеде Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары мен аталмыш мәдениет орталығына қарасты ауылдық мәдениет үйлерінің әртістерінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасы аудан тұрғындары мен қонақтарына рухани кеш сыйлады. Қазақтың қара домбырасында күмбірлеген күй мен ұлттық нақыштағы әндер шаһар аспанында әуеледі.
Арайлым Әбсадықова,
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі.