Заң мен тәртіп қағидаты аясында пікірсайыс турнирі өтті

0 5

Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні С.Шакиров ауылындағы Ш. Смаханұлы атындағы орта мектебінде  «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектепішілік пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жастардың сыни ойлау, өз ойын дәлелді жеткізу және көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту болды. Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамдағы тәртіптің маңызы, азаматтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң үстемдігін қамтамасыз ету тақырыптарын жан-жақты талқылады.

Турнир жоғары деңгейде өтіп, оқушылар белсенділік танытып, өз ұстанымдарын нақты деректер мен дәлелдер арқылы қорғады. Қарсы тараппен тиімді пікір алмасу, тың идеялар мен мазмұнды аргументтер іс-шараның мазмұнын байыта түсті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың сөйлеу мәдениетіне, тақырыпты ашу деңгейіне және командалық үйлесімділігіне ерекше назар аударды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.